30 сәуір КММ "Акан-Борлық бастауыш мектебі" бойынша Қазақстан халқының бірлігі күніне орай сыныптан тыс іс-шара өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасында тұратын ұлттар жайында білімдерін жетілдіру; басқа ұлт өкілдерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу; оқушылардың өз халқына деген патриоттық сезімдерін ояту.